photo 314336
- ЖАҢАЛЫҚТАР240 просмотров

АТЫРАУДА БІР ТӘУЛІКТЕ 137 АДАМ COVID-19 ЖҰҚТЫРДЫ

486 тұрғын коронавирустық инфекцияға қарсы ем қабылдауда деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Соңғы тәулікте Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 92 жағдайы тіркелді. Теңіз кен орнында скрининг нәтижесінде 4 адам анықталды.
Сондай-ақ, Жылыой ауданында – 7, Исатайда – 7, Индерде 8, Махамбет ауданында – 5, Қызылқоғада – 2, Құрманғазы ауданында – 9, Мақатта – 3 адам анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 85 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде.
Өткен тәулікте облыста коронавирустан 94 адам емделіп шықты.
Қазір 420 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада 185,
№2 облыстық ауруханада -135, аудандық инфекциялық стационарларда – 112 адам ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда 53 адам емделуде.
Айта кетейік, инфекцияның таралуы бойынша Атырау облысы «қызыл» аймақта.