69688
- ЖАҢАЛЫҚТАР219 просмотров

Атырауда бір тәулікте 110 адам коронавирус жұқтырды

«Оның ішінде вирус анықталған 76 адам Атырау қаласының тұрғындары. Инфекция жұқтырған 19 адам Теңіз кенішінің жұмысшылары » деп хабарлайды Atr.kz.

«Соңғы тәулікте Жылыой ауданынан 1, Индер ауданынан 7, Құрманғазы ауданынан 4, Исатай ауданынан 2, Мақат ауданынан 1 тұрғыннан инфекция расталды» делінген Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы таратқан мәліметте.

Қазіргі таңда 44 науқаста инфекция симптомды түрде өтуде. Өткен тәулікте 25 адам коронавирустан сауығып шықты.

Коронавирус инфекциясының таралу жылдамдығына байланысты, Атырау «қызыл аймақта» қалып отыр.