Өңірде COVID-19-дан айығып шыққандар саны 1 141 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Қауіпті індеттен айығып шыққандар арасында Теңіз кенішінің 3 жұмысшысы, Атырау қаласының 2 тұрғыны бар. Ал, қалған екеуі Жылыой ауданынан.
Қазіргі уақытта олар өзін жақсы сезінеді, коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін жасалған соңғы тест нәтижесі теріс көрсеткіш көрсетті.
Осылайша, Атырау облысында коронавирустан жазылып шыққандар саны 1 141 адамға жетіп отыр.