images 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР444 просмотров

Атырауда 8 жасар қыз коронавирустан жазылып шықты

Өңірде  Covid-19 індетінен айыққандар саны 171 адамға жетті, деп хабарлайды Жедел штаб.

Атырау облысындат  қауіпті дерттен тағы алты адам сауығып шыққан. Жедел штабтың мәліметіне сәйкес, олардың бесеуі – Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  61, 23, 29, 26 және 24 жастағы ер адамдар.

– Ал, инфекциялық стационардан шығарылған алтыншы адам – 8 жастағы Махамбет ауданының тұрғыны.  Қазіргі уақытта ол өзін жақсы сезінеді,  коронавирустың бар-жоғын анықтау үшін алынған соңғы тест нәтижесі, теріс көрсеткіш көрсетті.

Осылайша, Атырау облысында коронавирус инфекциясынан жазылып шыққандар саны 171 адамға жетті.