210728012632716a3817094i
- ЖАҢАЛЫҚТАР65 просмотров

Атырауда 5 мыңға жуық құқық қорғау органдарының қызметкерлері COVID-19-ға қарсы екпе алды

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

4 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 449 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 4 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 241 823 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді, оның ішінде 1994-і – полиция қызметкері, ал 3664-і – құқық қорғау органдарының қызметкерлері. Вакциналардың II компонентін 218 551 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92