Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
9 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 720 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 9 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 243 805 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді, оның ішінде 2899-і – мемлекеттік қызметші. Вакциналардың II компонентін 220 985 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92