210728012632716a3817094i
- ЖАҢАЛЫҚТАР132 просмотров

Атырауда 15 мыңнан астам созылмалы аурулары бар адам COVID-19-дан егілді

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

28 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 402 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 28 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 239 480 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 214 470 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92