Бүгінгі күні облысқа 93 жас маман келіп, соның нәтижесінде жетіспеушілік 185 маманға төмендеді. Қажет болған жағдайда жекеменшік ұйымдар мен 98 резидентті, 171 интерн дәрігерлерін тарту жоспарланып отыр.Бүгінде өңірге әсіресе анестизиолог-реаниматолог (23), жалпы практика дәрігері (20), акушер-гинеколог (17), пульмонолог (10), инфекционист (8) және эпидемиолог (6) мамандарының қажеттілігі бар.
Бұдан басқа, практикалық және әдістемелік көмек көрсету үшін облысқа Грузия Республикасынан тәжірибелі 5 анестезиолог-реаниматолог дәрігер тартылды.
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек ұйымдарының жанынан 126 мобильдік бригадалар құрылды.