0B7B6872 4D95 4F37 A092 28D54AD7525F
- ЖАҢАЛЫҚТАР127 просмотров

Атырауда 11 мамырдан бастап карантин режимі жалғасады

Атырау облысының Бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтің айтуынша,  11 мамыр күні Атырау қаласында карантин режимі толықтай сақталады.  Облыс орталығының периметрі бойынша орналасқан блокпосттар да жұмыс істеуін жалғастырады. Бұрын қабылданған кіріп-шығу ережелері сақталып, жұмысқа рұқсат алған кәсіпорындар ғана жіберіледі. 

Бас санитарлық дәрігер тұрғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында карантин ережелерін сақтауды жалғастыруға шақырды.

Қазіргі уақытта Атырау маңына  4 блок-бекет қойылған.

Сонымен қатар, Атырау қалалық әкімдігі қоғамдық көліктер қозғалысы туралы хабарлама жасады. 11 мамырдан бастап сағат 17:00-20:00 аралығында 26 бағыт бойынша қаладағы барлық қоғамдық көліктер жұмыс жасайды.

 Қоғамдық көліктердің әрі қарайғы  жүру кестесі төмендегідей: 

Таңғы сағат 07: 00-ден 10: 00-ге дейін;

кешкі сағат 17: 00-ден 20: 00-ге дейін.