144 просмотров
dezinfekcia
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау қаласы аумағында жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер дезинфекциядан өтеді

6 / 100

Коронавирустық инфекцияның таралуының алдын алу мақсатында, Атырау қаласы аумағында жолаушылар тасымалымен айналысатын қоғамдық көліктер дезинфекциядан өтеді.
Бүгінде жолаушылар тасымалы 26 бағыт бойынша жүзеге асырылады. Маршруттық желіде қала аумағында – 18, ал қала сыртындағы елді мекендерге қатынайтын 8 бағыт бойынша – 140 автобус бар. Әрбір рейстен соң, соңғы аялдамаларда қоғамдық көліктің ішіне міндетті түрде дезинфекциялық және ылғалды өңдеу жасалады.

dezinfekcia 2

Салон ішіндегі тұтқалар мен валидаторлар және өзге де бөлшектер арнайы дезинфекциялық құралдармен өңделеді. Автопарк қызметкерлері қоғамдық көлікте маскалық режим сақталуы керектігін ескертеді. Олардың айтуынша, мұндай сақтық шаралары жолаушылардың, кондукторлар мен жүргізушілердің COVID-19 инфекциясын жұқтыруының алдын алады. Одан бөлек, жолақысын арнайы карточкамен төлеу ұсынылады.

157 Просмотры