7 4
- ЖАҢАЛЫҚТАР197 просмотров

Атырау облысының 85 мыңнан астам тұрғыны covid-19 қарсы екпе алды

Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялаудың алдын ала қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

30 маусымдағы мәліметтер бойынша, «Спутник V», «QAZVAC» және «hayat-Vax» вакциналарының I компонентін 1857 жергілікті тұрғын алды.

Екпе алғандардың қатарында: 140 дәрігер, 122 педагог, 1 полиция қызметкері, 33 студент, 22 жабық мекеме , 14 құқық қорғау органдарының қызметкері, 23 Мемлекеттік қызметші, 93 созылмалы ауруы бар науқастар, 1409 жергілікті тұрғын.

2021 жылғы 1 ақпан мен 30 маусым аралығындағы кезеңде барлығы 85 414 адам «Спутник V», «QAZVAC» және «Hayat-Vax» вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 47 514 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады: 98 – 02 – 92