211017002054754a3849973i
- ЖАҢАЛЫҚТАР125 просмотров

Атырау облысының 7,6 мың медицина қызметкері COVID-19-ға қарсы екпе алды

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

3 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 406 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 3 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 241 374 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді, оның ішінде 7 664-і – медицина қызметкері. Вакциналардың II компонентін 217 908 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92