210728012632716a3817094i
- ЖАҢАЛЫҚТАР109 просмотров

Атырау облысының 6 мың студент COVID-19-ға қарсы екпе алды

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

2 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 394 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 2 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 240 968 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді, оның ішінде 6 033-і – студенттер. Вакциналардың II компонентін 217 284 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92