- ЖАҢАЛЫҚТАР158 просмотров

Атырау облысының 235 мың тұрғыны COVID-19ға қарсы вакцинасының I компонентімен егілді

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

16 және 17 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 634 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 17 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 234 828 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 205 366 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92