211017002054754a3849973i
- ЖАҢАЛЫҚТАР106 просмотров

Атырау облысының 230 мың тұрғыны COVID-19 вакцинасының екі компонентімен егілді

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

2 желтоқсан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 377 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 2 желтоқсан аралығындағы кезеңде барлығы 250 597 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 231 143 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92