Өңірде халықты Covid-19ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
7 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 653 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 7 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 230 263 адам Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 196 262 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92