Өңірде халықты covid-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
29 қыркүйектегі мәліметтер бойынша, коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентін 689 тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпаннан 29 қыркүйекке дейінгі кезеңде барлығы коронавирустық инфекцияға қарсы вакциналардың I компонентімен 225 125 адам вакцинацияланды. Вакциналардың II компонентімен 185 163 тұрғын егілді.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде 59 егу пункті жұмыс істейді, олардың 10-ы жылжымалы .
Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты колл-орталықтың 98-02-92 нөмірі арқылы білуге болады