Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
7 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 162 жергілікті тұрғын алды.
2021 жылғы 1 ақпан мен 7 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 242 618 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді.
Вакциналардың II компонентін 219 724 жергілікті тұрғын алды.
Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92