kovid
- ЖАҢАЛЫҚТАР137 просмотров

Атырау облысының 210 мың тұрғыны COVID-19ға қарсы вакциналарының екі компонентімен егілді

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

23 және 24 қазан бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 395 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 24 қазан аралығындағы кезеңде барлығы 237 716 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 210 787 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92