211017002054754a3849973i
- ЖАҢАЛЫҚТАР139 просмотров

Атырау облысының 14 мың педагог COVID-19-ға қарсы екпе алды

Өңірде халықты COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялау жалғасуда деп хабарлайды облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

1 қараша бойынша, Covid-19ға қарсы вакциналарының I компонентін 403 жергілікті тұрғын алды.

2021 жылғы 1 ақпан мен 1 қараша аралығындағы кезеңде барлығы 240 574 адам COVID-19ға қарсы вакциналарының I компонентімен егілді. Вакциналардың II компонентін 216 551 жергілікті тұрғын алды.

Естеріңізге сала кетейік, өңірде халықты вакцинациялау бойынша колл-орталық жұмыс істейді. Емханалардағы вакциналар туралы ақпаратты мына нөмір бойынша алуға болады:
98 – 02 – 92