35 просмотров
8C01842A AB76 47EB 919C 8B3BCE22EF03 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында үш жасар қыз Covid-19 жұқтырды

5 / 100

Кішкентай қыз бұрын коронавирус жұқтырған  Исатай ауданының тұрғынымен  жақын байланыста болған, деп хабарлайды Жедел штаб.

Өткен тәулік ішінде өңірде КВИ жұқтырудың 12 жаңа жағдайы тіркелді. Олардың арасында  Теңіз кенішінің 9 қызметкері  бар.  Жұмысшыларда инфекцияның бар екендігі скринигтік тексеру кезінде анықталды.

 – Сонымен қатар, қауіпті дертке шалдыққандар арасында Исатай ауданының  үш жасар тұрғыны, Атырау қаласының 24 жастағы тұрғыны және құлсарылық 53 жастағы ер адам бар, – дейді Жедел штаб. 

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаға сәйкес ем жүргізіліп жатыр.  Ауру ошақтары мен байланыста болған адамдар да анықталу үстінде.

Бүгінде аймақта КВИ жұқтырғандар саны 891 адамға жетті. Ал, індеттен сауығып шыққандар саны – 226.

35 Просмотры