40 просмотров
704F1027 781B 434B 9D90 32C85F06BDA9
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында төрт бала коронавирусқа шалдықты

4 / 100

«Атырау облысында коронавирус анықталғандар саны 857 адамға жетті» деп хабарлайды Шұғыл штаб.

Соңғы екі тәулікте қауіпті инфекция ​ 41 адамнан табылды. Науқастардың арасында балалар бар.

​Мақат ауданында коронавирус​ 11 жастағы баладан,​ 4 және​ 9 жастағы қыз баладан табылды. Жылыой ауданында 7 жастағы қыз бала жұқпалы індетке шалдықты.

​Қатерлі дерт егде жастағы төрт әйел адамнан анықталды. Мәселен, инфекция​ Исатай ауданындағы​  62 жастағы әйел адамнан, Мақат ауданының​ ​ 57 және​ 62 жастағы тұрғындарынан, Жылыой ауданындағы 70 жастағы әйел адамнан расталып отыр.

​Айта кетелік, Исатай ауданы Атырау облысындағы коронавирус инфекциясының жаңа ошағы болып отыр. Қауіпті індет Махамбет, Индер, Құрманғазы және Жылыой аудандарынан тіркелуде.​

​Бүгінгі таңда КВИ инфекциясы анықталғандар саны 857 адамға жетіп отыр. Сауығып шыққан саны —​ 207.​ ​

40 Просмотры