37 просмотров
1B2F19CE 2344 4D6C AEE2 9AC156C6C138
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында Теңіз кенішінің тағы 17 жұмысшысы коронавирус инфекциясын жұқтырды

5 / 100

Олардың арасындағы  ең кішісі 21 жаста, деп хабарлайды Атырау облысы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар  – кен орнынан шығар алдында  скринингтен өткен жұмысшылар. Атап айтқанда, науқастар  – 1997, 1999, 1961, 1989, 1986, 1994, 1970, 1991. 1982, 1990, 1988, 1989, 1968, 1984, 1982, 1989, 1989 жылғы 17  ер адам. 

Covid – ке алынған тесттен  оң нәтиже көрсеткендер инфекциялық стационарға  жатқызылады және хаттамаға  сәйкес тиісті ем алады. 

Науқастармен байланыста болғандар анықталып, олар дәрігерлердің  бақылауына  алынды.   Қазіргі уақытта инфекция  ошақтарына дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.  

Осылайша, Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар саны 474 адамға жетті. Ал, аталмыш індеттен сауығып шыққандар  саны – 130. 

Атырау облысындағы Төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

37 Просмотры