22AD1F51 657F 437F B69A F9BEEB9A65B6
- ЖАҢАЛЫҚТАР447 просмотров

Атырау облысында Теңіз кенішінің 35 жұмысшысынан коронавирус анықталды

Инфекция табылған жұмысшылардың үшеуі Үндістан, біреуі Филиппин елінің азаматтары деп хабарлайды Атырау облысында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі шұғыл штаб.

  35 жұмысшыдан коронавирус инфекциясы  демобилизация алдында өткізілген  скрининг барысында анықталған.

  Оның ішінде   34 адам   1980, 1996, 1970, 1998, 1975, 1996, 1964, 1965, 1989, 1971, 1974, 1995, 1981, 1973, 1977, 1985, 1972, 1985, 1978, 1987, 1983, 1994, 1986, 1990, 1971, 1978, 1964, 1982, 1997, 1977,  1989, 1971, 1986, 1985 жылы туған ер адамдар.

 Біреуі 1959 жылғы əйел адам.

Covid-19 вирусы расталған науқастар инфекциондық стационарға жатқызылды, бекітілген хаттамаға сəйкес ем алуда.

Инфекция ошақтары оқшауланып, зарарсыздандырылды. Науқастармен байланыста болғандар анықталып, дəрігерлер бақылауына алынды.  

17 мамырдағы жағдай бойынша,  Атырау облысында коронавирус инфекциясы анықталғандар саны 541 адамға жетті. Сауығып шыққандар саны –  153.