200205133810020e
- ЖАҢАЛЫҚТАР569 просмотров

Атырау облысында пандемия басталғалы бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген

Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары.

«2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 босану дерегі тіркелді. Бұл тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана босанды деген сөз» деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Еске сала кетелік, коронавирус пандемиясы кезінде облыстық перинаталдық орталық жанынан 30 кереуеттік, Атырау қалалық перзентхана жанынан 8 кереуеттік провизорлық стационар жасақталған болатын. КВИ анықталған әйелдер аталған стационарларда босанды. Алайда, олардың балаларының ешқайсысынан қауіпті инфекция анықталған жоқ.