47 просмотров
4b1b286af715c9df1fe99d0f1f8cd651 l
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында мемлекеттік-әлеуметтік сақтандыру қорынан медициналық 806 қызметкерге төлем жасалған

47 / 100

Бүгінгі күні Атырау облысында өңір халқына медициналық көмекті 8889 медицина қызметкері көрсетеді, оның ішінде 7985 медицина қызметкері мемлекеттік ұйымдардың мамандары (дәрігерлер – 1496, орта медицина персоналы – 5110, кіші медицина персоналы – 1379, 904 – жеке меншік клиникалардың медициналық қызметкерлері).
Індеттің бірінші толқыны кезінде COVID-19-бен күреске 2480 медицина қызметкері тартылды, оның 1159-і коронавирус инфекциясымен сырқаттанып, өкінішке орай 14 медицина қызметкері COVID-19-дан қайтыс болды.
Бір реттік әлеуметтік төлем алу үшін 1068 адамға қатысты құжаттар комиссияға ұсынылды (524 – КВИ-мен ауырған медицина қызметкері, 544 – вирустық пневмониямен ауырған медицина қызметкері).
Қағидаларға сәйкес келмеу себептері бойынша 91 адамның құжаты комиссияға тапсырылмады.
1068 құжатты қарау қорытындысы бойынша комиссия 777 медицина қызметкеріне қатысты төлемдерді мақұлдады (72,7%). Оның ішінде қайтыс болған 14 адам бар. 291 маманға қатысты төлемнен бас тартылды.
Бүгінгі күні мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры облыс бойынша барлығы 806 медицина қызметкеріне (777 – денсаулық сақтау саласы, 29 – ДККБТУ), оның ішінде қайтыс болған 14 адамға жалпы сомасы 1 млрд. 724 млн. теңгеге төлем жасады (100%).

46 Просмотры