8DD24865 B8C9 4C59 BF9C 9FC27B718012
- ЖАҢАЛЫҚТАР502 просмотров

Атырау облысында КВИ жұқтырған науқастарды емдеу үшін қосымша орындар ашылмақ

Бүгінде облыс көлемінде  қауіпті індетке шалдыққандар  үшін қосымша 3 196 кереует қарастырылған, деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасы. 

Нақтырақ айтсақ, инфекциялық орын 595,  провизорлық орын  – 273 кереуетті құрап отыр. Ал, қалған 2 328 кереует карантиндік стационарға қойылған.  Бұл туралы ӨКҚ-де өткен онлайн-брифингте Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мәлімдеді. 

– Қауіпті дертке шалдыққандар саны күн санап артуда. Бұрын күніне 5 жағдай тіркелсе, қазіргі уақытта тәулігіне  кем дегенде 25 адамның инфекция жұқтырғаны анықталып отыр.   Ауруханаларда  орын жетіспеушілігі мәселесі бар екендігін жасырмаймыз.   Осыған орай, облыста COVID-19 жұқтырғандарды емдеу үшін  қосымша орындар ашу қарастырылуда.  Кадр тапшылығы мәселесі де  өзекті болып тұр.  Облыста реанимациялық дәрігерлер, инфекционисттер  және осы секілді басқа да   мамандар жеткіліксіз.  Қазіргі жағдайда  кез-келген адам, ол мейлі білікті мамандар болсын, еріктілер болсын  қауіпті індетпен  күресуге өз үлесін қоса алады.  Мұндай көмек өңіріміз үшін аса қажет. Ең  басты көмек – барлық қауіпсіздік шараларын сақтау. Сонда ғана біз  отбасымызды, жақындарымыз бен айналамызды осы індеттен қорғай аламыз, – деді Бақытгүл Хаменова.

Айта кетейік, қазіргі уақытта  №2 Атырау облыстық ауруханасында – 190, ТШО компаниясының инфекциялық стационарында –  238, Махамбет ауданындағы  туберкулезге қарсы диспансерінде – 24, Атырау сервис колледжінде – 133 адам ем қабылдауда.