40 просмотров
2020040708375814379 460x825 13 test
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 35 жағдай туралы ақпарат

5 / 100

COVID-19 жұқтырған 30 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері. Олар   инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 3 жағдай Атырау қаласынан тіркелді. Оның біреуі – жаңа туған нәресте, екеуі  1998, 1968  жылы туған әйел адамдар. Олардан  ҚР Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысына сәйкес скринингтеу кезінде ПТР анализ  алынған. Зерттеу қорытындысы науқастардың коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті.

Тағы 2 жағдай  Жылыой  ауданының  1976,  1985 жылы туған әйел адамдардан  тіркелді.  1 адам ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгініп, анализ тапсырған, екінші адамнан скринингтен өту кезінде анықталған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

03.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1175 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 532 .

40 Просмотры