37 просмотров
meiiwnvn 750x464 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 21 жағдай туралы ақпарат

9 / 100

COVID-19 жұқтырған 12 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері.

Олардың  сегізі   1988, 1991, 1996, 1998, 1990, 1996, 1988, 1999  жылы туған ер адамдар, төртеуі 1974, 1972, 1988, 1979 жылы туған әйел адамдар.Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, 6  жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өту кезінде анықталған. Тағы 2 жағдай  Жылыой  ауданынан тіркелді. Олар 2018,  2020 жылы туған балалар.  Сондай-ақ  1 жағдай  Мақат ауданының  2013  жылы  туған  қыз баладан тіркелді. Олар инфекция жұқтырған науқаспен  қарым-қатынаста болған.                                                                                                                                                                                           

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

02.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1140 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 481.

37 Просмотры