32 просмотров
fe25b99c 7f63 438d 819b eac42938f592
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 69 жағдай туралы ақпарат

9 / 100

COVID-19 жұқтырған  54 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің  қызметкерлері.

Олар   инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және Теңіз кен орнынан шығар кезде, сондай-ақ скринингтен өткен қызметкерлер.

Ал, тағы 11 адам Атырау қаласының тұрғындары, олар бұрын инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринигтен өткен.

Сондай-ақ 3 жағдай 1965, 2018, 2020 жылы туған  Жылыой ауданының, біреуі  1991 жылы туған Мақат ауданының тұрғынындарынан тіркелді.Олар инфекция жұқтырған науқаспен  қарым-қатынаста болған.

Қазіргі уақытта науқастармен байланыста болған адамдар анықталуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

31.05.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1105 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 314.

32 Просмотры