51 просмотров
0F2B4A17 893A 4F77 AADF 061A531AA425
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 23 адам тіркелді

5 / 100

COVID-19 жұқтырған 21 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді.Олардың 12-сі   ер,  5 -еуі әйел адам. Олардың бірқатары  ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінсе , кейбірінен  скринингтен өту барысында анықталды.

Сондай-ақ 2 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді.Олар  инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

29.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1640 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 1376.

53 Просмотры