42 просмотров
7F380A75 FCE6 4684 A9BC 1D2A8CD0C13C
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 11 адам тіркелді

5 / 100

COVID-19 жұқтырған 11 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді.Олардың алтауы 1986, 1975, 1960, 1967, 1962, 1946 жылы туған әйел адамдар, ал бесеуі 1968, 1975, 1991, 1975, 1972 жылы туған ер адамдар. Олардың бірқатары  ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінсе , кейбірінен  скринингтен өту барысында анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

28.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1617 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 1333.

44 Просмотры