B7F862ED 2645 4E9F BBD1 9FE74D955BE0
- ЖАҢАЛЫҚТАР488 просмотров

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 7 адам тіркелді

COVID-19 жұқтырған 5 адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  мердігер мекемелердің  қызметкерлері.Олардың төртеуі 

1975, 1995, 1999, 1981 жылы туған ер адамдар, біреуі 1999 жылы туған ер адам. Олардың төртеуінен  COVID-19  скринигтен өту барысында және біреуінен  ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты  медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды. 

Ал тағы 2 жағдайдың біреуі Махамбет ауданының 1940 жылы туған  және Атырау қаласының 1972 жылы туған тұрғынынан тіркелді.Олардан инфекция  денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген кезде анықталды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

19.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1386 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 1031.