39 просмотров
unnamed 1 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 14 адам тіркелді

5 / 100

COVID-19 жұқтырған 8 адам Құлсары қаласы Жылыой ауданында тіркелді. Олардың үшеуі 1994, 1989, 1966 жылы туған ер адамдар  және бесеуі 1968, 1997, 1993, 2003, 1972 жылы туған әйел адамдар. Олар инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған және скринингтен өткен кезде анықталған, және денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы  6 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді. Олар 1976, 1986, 1992, 2000, 1951 жылы туған ер адамдар  және 1998 жылы туған әйел адам. 2 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген, ал қалғаны COVID-19  скрининг өту кезінде анықталған және инфекция жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

15.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1324 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 986.

40 Просмотры