44 просмотров
124BC434 F6FC 4713 9A8B AD5AD68E164A
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 23 адам тіркелді

5 / 100

COVID-19 жұқтырған 3  адам  Теңіз кенішінде жұмыс істейтін  мердігер мекемелердің  қызметкерлері.Олардың екеуі  1990, 1981 жылы туған әйел адамдар,  біреуі 1997 жылы туған ер адам. Олардан COVID-19  скринигтен өту кезінде анықталды. Сондай-ақ  1  адам    Құрманғазы  ауданы, Ақкөл селосының  1965 жылы туған әйел адамнан тіркелді.Ол бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған.

Ал тағы  19 жағдай  Атырау қаласынан тіркелді.Олардың оны 1964, 1978, 1985, 1995, 1980, 1993, 1981, 1986, 1970, 1969 жылы туған әйел адамдар, тоғызы 1993, 2000, 1964, 2002, 1999, 2000, 1999, 2002, 1965 жылы туған ер адамдар.Олардың екеуінен  COVID-19 эпидемиологиялық тексеру мақсатында және скринигтен өту кезінде анықталса, қалған 17 адам денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген. 

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

14.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1310 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 961.

45 Просмотры