COVID-19 жұқтырған 1 адам 1991 жылы туған Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекеменің қызметкері. Ол ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген. Тағы 1 адам Жылыой ауданы, Құлсары қаласының 1995 жылы туған ер адамынан тіркелді.Сондай-ақ 2 жағдай Қызылқоға ауданынан тіркелді.Олар 1993 жылы туған әйел адам, біреуі 1949 жылы туған ер адам.Олар бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болған.
Ал тағы 4 жағдай Атырау қаласынан тіркелді.Олар 1962, 1955, 1967 жылы туған ер адамдар, біреуі 1956 жылы туған әйел адам. Ал 1 жағдай Құрманғазы ауданының 1955 жылы туған ер адамнан тіркелді.Барлығынан COVID-19 скринингтен өту кезінде анықталған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
13.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1287 адам анықталды.
Жазылып шыққандар саны – 897.