maxresdefault 3 750x422 2
- ЖАҢАЛЫҚТАР455 просмотров

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 5 адам тіркелді

COVID-19 жұқтырған 3 адам Атырау қаласының тұрғындары.Олардың екеуі 1992, 1999 жылы туған әйел адам, ал біреуі  1995 жылы туған ер адам.Барлығы ЖРВИ белгілерінің бар болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.

Ал тағы 2 жағдай   Қызылқоға ауданынан  тіркелді. Олар 1968 , 1971 жылы туған ер адамдар.Олардың біреуінен скринингтен өту кезінде анықталса, екінші науқас инфекция  жұқтырған науқаспен қарым-қатынаста болғандықтан одан зертханалық сынамалар алынды.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

10.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1232 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 876.