40 просмотров
pWiBwIfF 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 11 адам тіркелді

5 / 100

COVID-19 жұқтырған 2 адам Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. Олардан скринингтен өту кезінде инфекция анықталды.

Ал тағы 7 жағдай Жылыой ауданында  тіркелді. Олардың ішінде екеуи ЖРВИ симптомдарының бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген, ал бесеуі инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болғандар.

Сондай-ақ бір адам 1993  жылы туған  Атырау қаласынын тұрғыны, инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған. Ал тағы біреуі 1963 жылы туған Құрманғазы ауданының тұрғыны . Ол  ЖРВИ симптомы бар болуына байланысты өздігінен медициналық көмекке жүгінген.

Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу жұмыстары, дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.

07.06.2020 жағдай бойынша аймақта COVID-19 жұқтырған 1213 адам анықталды.

Жазылып шыққандар саны – 773.

41 Просмотры