201111014431948e
- ЖАҢАЛЫҚТАР140 просмотров

Атырау облысында инфекциялық төсек орындары саны 30% – ға азайды

Өңірде коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың төмендегені байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Атырау облысында COVID-19 ауруының төмендеуіне байланысты ауруханалардағы инфекциялық төсек орындары саны 30% – ға
2352-ден 730 орынға дейін қысқарды.

Қазіргі уақытта модульді жұқпалы аурулар ауруханасында 99, екінші облыстық ауруханада – 6, аудандық инфекциялық стационарларда – 33 науқас ем алуда. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 73 адам жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, 15 қыркүйекте өңірде облыстық ауруханада, кардиоорталықта, екі жатақханада және т/ж ауруханасында орналасқан бес инфекциялық стационар бірден жабылды.

Науқастар санының азаюына байланысты қазан айының басында фтизиопульмонологиялық орталық базасында жұмыс істейтін инфекциялық стационар жабылды.