35 просмотров
methode times prod web bin 82299cf0 6eb7 11ea ac40 2259b5e452c2 1 scaled
- ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар саны 959 адамға жетті

5 / 100

Өткен тәулік ішінде өңірде Covid-19 індетінің 15 жаңа жағдайы тіркелген, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандардың барлығы Теңіз кенішіндегі жұмысшылар. Инфекция 14 ер адам мен 1 әйелден  міндетті скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

Қазіргі уақытта науқастар инфекциялық стационарға жатқызылды, оларға алгоритмге сәйкес ем жүргізілуде.

Сондай-ақ, ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Айта кетейік, бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 959 адамға жетіп отыр. Ал, жазылып шыққандар саны – 262.

35 Просмотры