Теңіз кенішіндегі жұмысшылардан коронавирус инфекциясының тағы үш жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штаб.
Штаб мәліметіне сәйкес, үш науқас та – Теңіз кен орнында жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері.
Атап айтқанда, олар – 1978 жылғы әйел мен 1985,1995 жылғы екі ер адам.
Covid-19 анықталғанға дейін, жұмысшылардың үшеуі де бұрын коронавирус инфекциясын жұқтырғандармен байланыста болғаны үшін карантиндік стационарда жатқан. Олардан сынама алынып, нәтижесінде инфекция жұқтырғаны анықталды.
Қазіргі уақытта науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.
Олармен байланыста болған адамдар анықталу үстінде, барлығы медициналық бақылауға алынған.
Инфекция ошақтарына да дезинфекция жұмыстары жүргізіліп жатыр.
2020 жылғы 6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында 209 адамнан COVID-19 індеті анықталды. Оның ішінде 145-і Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Ал, аталмыш дерттен айығып шыққандар саны – 78.