img 20200406 wa0157 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР449 просмотров

Атырау облысында Covid-19 жұқтырғандар 923 адамға жетті

Өткен тәулік ішінде аймақта  Covid-19 індетінің 32 жаңа жағдайы тіркелді, деп хабарлайды Жедел штаб.

Қауіпті дертке шалдыққандар арасында Теңіз кенішінің 28 жұмысшысы бар.  Инфекция 21 ер адам мен 7 әйелден скринингтік тексеріс кезінде анықталған.

– Сонымен қатар, инфекция жұқтырғандар қатарында Құрманғазы ауданының 1962, 1977 жылғы екі тұрғыны, құлсарылық 1968 жылғы әйел мен Мақат ауданынан 1995 жылғы қыз бар, – дейді Жедел штаб.

Науқастардың барлығы инфекциялық стационарға жатқызылып, тиісті хаттамаларға сәйкес ем қабылдауда. Ауру ошақтары мен байланысушы тұлғалар анықталу үстінде.

Бүгінде Атырау облысында КВИ жұқтырғандар саны 923 адамға жетіп отыр. Ал, қауіпті індеттен айыққандар саны – 233.