96e94a4d d5a9 463c 8851 234642f45728 640x360 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР376 просмотров

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫНАН 168 АДАМ ЕМДЕЛІП ШЫҚТЫ 

Атырау облысының эпидемиологиялық-санитариялық бақылау департаментінің мәліметіне сәйкес, өткен тәулікте 168 адам қауіпті індеттен жазылып шықты, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.
Қазіргі уақытта 317  адам үй жағдайында емделуде. Облыстық инфекциялық стационарда  95 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 26,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 790 адам ем қабылдауда.

Сәйкесінше, бұл тәулікте облыста 107 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 27-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 59 жұмысшыдан, Жылыой -4, Қызылқоға-1, Индер-3, Махамбет-2, Исатай-1, Мақат-1, Құрманғазы ауданында 9 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған. 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 16-ында ауру симптомды түрде өтуде.