55 просмотров
200402083704497e 1
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 60 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 60  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 18-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 37 жұмысшыдан, Жылыой-2, Мақат-1, Қызылқоға-1, Құрманғазы ауданында 1 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 19-ында ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 32 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 275  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  106
 науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда- 32,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 619 адам ем қабылдауда.

65 Просмотры