- ЖАҢАЛЫҚТАР325 просмотров

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 58 АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

Атырау облысында өткен тәулікте 58  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 13-і Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 30 жұмысшыдан, Жылыой-10,  Құрманғазы ауданында 5 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 8-інде ауру симптомды түрде өтуде. 

 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 9  адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 229  адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  49
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 6,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 229 адам ем қабылдауда.