105 просмотров
whatsapp image 2020 12 07 at 10.11.36
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН 29  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Атырау облысында өткен тәулікте 29 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
 
Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың екеуі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 21 жұмысшыдан, Жылыой, Исатай аудандарынан бір, Құрманғазы ауданында  4 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың екеуінде ауру симптомды түрде өтуде.

Індет жұқтырғандардың ішінде 14 жасқа дейінгі балалар тіркелмеген.

 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 36 науқас емделіп шықты.

Айта кетейік, пандемия басталғалы бері күні бүгінге дейін covid-19 инфекциясынан Атырау облысы бойынша 11396 адам жазылып шыққан.
Қазіргі уақытта 132 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  38
 науқас, ал аудандағы инфекциялық стационарда 5, Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 156 адам ем қабылдауда.

114 Просмотры