89 просмотров
Covid 19 5
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  ТАҒЫ 11  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

46 / 100

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 11 адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың басым бөлігі Атырау қаласынан. Ал үш науқас – Теңіз кенішінің жұмысшылары. Оның ішінде бір науқаста ауру симптомды түрде, қалғандарында симтомсыз өтуде. 
 
Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 32 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 114 науқас үй жағдайында ем қабылдауда.

96 Просмотры