143 просмотров
12adamCovid
- ЖАҢАЛЫҚТАР

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА COVID-19 ИНФЕКЦИЯСЫН ЖҰҚТЫРҒАН  ТАҒЫ 12  АДАМ АНЫҚТАЛДЫ

54 / 100

Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған он екі адам анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Қауіпті дертке шалдыққандардың оны Атырау қаласынан. Ал екі науқас – Қызылқоға мен Махамбет ауданынан тікрелген.
 
Сондай-ақ,  өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй жағдайында ем алып жатқан 3 адам жазылып шықты. Қазіргі уақытта 125 науқас үй жағдайында емделуде.

Covid22102020 2 1

Айта кетейік, облыс бойынша инфекциялық стационарда  53 адам емделіп жатыр. Оның 28-і № 2 Атырау облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында, 25 науқас Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында ем қабылдауда.

Covid22102020 1
150 Просмотры