Атырау облысында коронавирус инфекциясынан екі өлім жағдайы тіркелді, деп COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлайды.
Екі науқас Атырау облысының тұрғыны.
Біріншісі 1964 ж., «Теңіз» кен орнының қызметкері. Респираторлы белгілерімен ауырғаннан кейін облыстық ауруханасының провизорлық бөлімшесіне медициналық жедел-жәрдем көмегімен жеткізіліп, шұғыл көрсеткіштерге байланысты ауыр жағдайда «Екі жақты пневмония, Жедел тыныс алу жетіспеушілігі» диагнозымен госпитализацияланды. Диагноз: КВИ, Covid-19. Екі жақты полисегментарлы пневмония, ауыр түрі.
Екінші науқас 1951 ж., зейнеткер. Науқас бір апта бойы үйінде ауырған. Алғашқы 3 күні диарея белгілері , артынан жөтел, дене қызуының жоғарлауы, ентігу, жалпы әлсіздік, тәбетінің төмендеуі белгілері пайда болған. Кеуде клеткасының КТ зерттеуі жасалған – 2 жақты полисегментарлы вирусты этиологиялы пневмония. Өкпе тінінің зақымдалу көлемі – 50%. Түскен кезден бастап науқас ВРАР-режимінде мұрын арқылы өкпені жасанды желдету аппаратына қосылды.
Қазіргі уақытта Covid-19 инфекциясы салдарынан қайтыс болған науқастардың өлім жағдайын талдау мақсатында құрылған комиссия осы жағдайларға клиникалық тексеріс жүргізуде. Қортындысы тексерістен кейін қосымша хабарланады.