square 1280 29443f05fc1af0f47bcc8f3fc3fb73f2
- ЖАҢАЛЫҚТАР63 просмотров

Атырау облысында бір тәулікте 9 адам Covid-19 жұқтырған

Өңірде коронавирустық инфекциямен сырқаттанушылықтың төмендеуі байқалады, деп хабарлайды Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.

Соңғы тәулікте өңірде коронавирустық инфекциямен 9 науқас анықталды. Атап айтқанда, Атырау қаласында Covid-19 жұқтырудың 3 жағдайы расталды. Скрининг нәтижесінде Теңіз кен орнында 5 науқас анықталды, ал Жылыой ауданында – 1 науқас анықталды.

Коронавирустық инфекциясы бар 5 науқаста ауру тиісті белгілермен өтуде. 4 адамда ауру белгілері жоқ.

Өткен тәулікте облыста коронавирустан 56 адам емделді.

Қазір 181 адам үй жағдайында, модульдік ауруханада – 93, екінші облыстық ауруханада – 4 пациент,
аудандық инфекциялық стационарларда – 23. Теңіз кен орнындағы инфекциялық стационарда – 39 науқас.

Айта кетейік, инфекцияның таралу қарқыны бойынша Атырау облысы «жасыл» аймақта.